Бір отбасын түгелдей қырып тастағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Алматыға экстрадицияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір отбасын түгелдей қырып тастағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Алматыға экстрадицияланды

Бір отбасын түгелдей қырып тастағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Алматыға экстрадицияланды

Алматыда бір отбасының төрт адамын бірдей өлтіріп тастаған 38 жастағы Өзбекстан тұрғыны Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІБ баспасөз орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 5 Маусым 2003
  • 547
Фото - Caravan.kz

Аталмыш қылмыс 1999-жылдың қараша айында болып, бір отбасының ерлі-зайыпты жұбы мен олардың 11 жастағы егіз екі қызы дыбыс тұншықтырғышты тапаншадан оққа ұшқан болатын.

Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде бір кісі өлтіргіштің аты-жөні анықталған.
Алайда жасырынып ізін суытқан қаныпезер Қазақстан аумағынан шығып үлгерген еді.
Сөйтіп қылмыскерге мемлекетаралық іздеу жарияланған. 2003-жылдың наурызында күдікті Өзбекстанның Гуллистан қаласында тұрады деген ақпар жетіп, Алматы қалалық ІІБ қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлерінен жасақталған жедел топ Гуллистанға аттанды.
17-наурызда күдікті қолға түсті. Халықаралық келісім талаптарына сәйкес ҚР бас прокуратурасы қылмыскерді Қазақстанға экстрадициялау туралы рұқсат алып, қылмыскер тергеу жұмыстары үшін Алматыға жеткізілді.
Баспасөз орталығының мәліметтеріне жүгінсек, алдын-ала тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін тұтқын Өзбекстанға кері қайтарылып, қылмыстық іс сонда жолданады. Қылмыскер осы елдің заңдарына сәйкес жаза жүктейді.

Соңғы жаңалықтар