Бір пойызға мінген министрліктердің мамандары Қазақстанды араламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір пойызға мінген министрліктердің мамандары Қазақстанды араламақ

Бір пойызға мінген министрліктердің мамандары Қазақстанды араламақ

Ертең Астанадан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы сапарға шығады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған пойыз штабы жетекшісінің орынбасары Нұрбек Шаяхметов мәлім етті.

  • 31 Қазан 2016
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 1 қарашада «Тәуелсіз Қазақстан!» деп аталатын пойыз сапарын бастайды. Бұл пойыз сапары еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналғандықтан, егемендік жылдарындағы жетістерді халқымызбен бөлісіп, бастамаларды насихаттап, рухымызды көтеруге негізделген. Екіншіден, халықтың «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегінде жұмылдырылуына ықпал етіп, патриоттық идеяны насихаттау шаралары ескеріліп отыр. Ал үшінші бағытта медициналық, әлеуметтік, сонымен қатар құқықтық, ауыл шаруашылығы, білім беруді, бизнесті дамытуға қатысты халықты толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстары қамтылады»,-деді Н. Шаяхметов.

Оның сөзіне қарағанда, пойызда жасақталған топтың құрамында ҚХА атынан сайланған депутаттар бар. Олар әрбір тоқтаған стансада қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады. Сонымен қатар бірқатар министрліктер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгро» өкілдерінен тұратын 70-тен астам мамандар жұмыс істейді.

«Бұдан бөлек, өнер адамдары, ғылым саласының өкілдері пойыз тоқтаған әрбір стансада жұмыс жасайды. Әрбір бекетте халық үшін игілігі мен қажеттілігіне орай ауқымды мәселелер шешіледі деген ойдамын»,-деді ол.


«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясы өз жұмысын 14 желтоқсан күні Алматы қаласында аяқтайтын болады. Акция кезінде пойыз республика бойынша 35 елді мекенге тоқтап, жергілікті халыққа, оның ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне және шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына қажетті қызметтер ұсынылатын болады.