Бір табын жылқыны Ресейге айдап әкетпек болған барымташылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 541.82
  • 627.1
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір табын жылқыны Ресейге айдап әкетпек болған барымташылар ұсталды

Бір табын жылқыны Ресейге айдап әкетпек болған барымташылар ұсталды

Ақтөбе облысында барымташылықпен айналысты деген күдікпен екі азамат ұсталды.

  • 9 Маусым 2011
  • 365
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің бейсенбідегі ақпарына қарағанда, олар Хромтау ауданындағы шаруа қожалықтарының аумағынан 40 жылқыны айдап әкеткен. Қолды болған малдың жалпы құны 12 млн теңге.

«Олар күндіз орманға тығылып, түнде жолға шығып отырған. Үш күнде Алға ауданындағы Маржанбұлақ ауылына жеткен олар сол жерде қолға түсті», — делінген хабарламада.
Полицейлердің айтуынша, олар табынды Ресей шекарасынан асырып жібермек болған.
Қазір жылқы иесіне қайтарылып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.