Бұл туралы 28 тамызда әлеуметтік желіні құрушы Марк Цукерберг өз парақшасында жазды.
«Дүйсенбі күні Жердің жеті тұрғынының біреуі достарымен және отбасы мүшелерімен байланысқа шығуы үшін Facebook-ті пайдаланды», - деп жазды Цукерберг.
2013 жылдың тамызында Цукерберг Internet.org қорын іске қосты, оған сонымен қатар Ericsson, Nokia, Samsung, Opera Software, Qualcomm және өзге де бірқатар компания кіреді. Оның негізгі мақсаты - бүкіл әлем бойынша бес миллиард адамға интернетке деген қолжетімділікті тегін ету.