«19 маусымда Астана уақытымен 13:17-де Алматы облысында магнитудасы 3,4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала кіндігі Есік қаласының оңтүстігінде 25 км, Алматының оңтүстік-шығысында 42 кмжерде болған», — делінген Еуропа агенттігінің ақпаратында.
Сонымен бірге, 19-20 маусымда Қырғызстанда Астана уақытымен 21:01, 3:02 және 4:14-те 3 жер сілкінісі тіркелген. Жер асты дүмпулерінің күші 4,1; 4,0 және3,3 балды құрады, делінген ақпаратта.