Бір тәулікте елімізде екі жол апатынан бес адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте елімізде екі жол апатынан бес адам опат болды

Бір тәулікте елімізде екі жол апатынан бес адам опат болды

Бір тәулікте елімізде екі жол апатынан бес адам опат болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2005
  • 398
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Алматы облысының Алакөл ауданында Үшарал-Қамысқала тас жолының 45-шақырымында «ВАЗ-21063» автокөлігінің аударылуы салдарынан апат орнында екі жолаушы мерт болды. «Жигулидің» жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында Ембі-Шалқар тас жолының 6-шы шақырымында «ВАЗ-2106» автокөлігі «КамАЗбен» соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушы мерт болды.

Перейти к новостям спорта