Бір тәулікте елімізде оқыс оқиғалардан үш адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте елімізде оқыс оқиғалардан үш адам қаза тапты

Бір тәулікте елімізде оқыс оқиғалардан үш адам қаза тапты

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Бір тәулікте елімізде оқыс оқиғалардан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Шiлде 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында «Алан»ЖШС құрылыс алаңында «КамАЗ» автокөлігінен қабырға панельдерін түсіру барысында 40 жастағы шеберді қабырға басып қалды. «Жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысында Қазақмыс корпорациясына қарасты 73/75 Шығыс Жезқазған кен орнында шатырдың жиегінен тау жынысы құлау салдарынан 39 жастағы жұмысшы қаза тапты.

Ал Қостанай облысындағы Белоглинка ауылында екі тұрғын бұрын пошта бөлімшесі орналасқан ғимаратты бұзуға әрекет жасаған. «Ғимаратты рұқсатсыз бұзу барысында кірпіш қабырға құлаған, соның салдарынан 19 жастағы жігіт оқыс оқиға орнында қаза тауып, оның ауылдасы — — 27 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті