Атап айтсақ, Алматы облысындағы Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 44-шақырымында «Мерседес» және «Москвич-412» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан «Москвич» автокөлігінде отырған үш әйел опат болып, екі жүргізуші де ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.
Тағы бір ірі жол апаты Ақмола облысында болды. Екатеринбург -Алматы тас жолының 1230-шақырымында «Ниссан» автокөлігі «Субарумен» соғысып қалды. Жол апаты салдарынан «Нисанның» жүргізушісі, оның 48 жастағы жолаушысы мен «Субару» автокөлігінде отырған екі жолаушы, соның ішінде 8 жастағы бала оқиға орнында мерт болды. «Ниссан» автокөлігінде отырған 21 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды.
Қарағандыда «КамАЗ» автокөлігімен «БМВ» жеңіл көлігінің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі жараланды. Апат қаланың Октябрь ауданында болған. Апаттан жеңіл автокөлікте отырған бір жолаушы мерт болды. «БМВ» жүргізушісі мен 6, 9 және 14 жастағы үш бала ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір жол апаты Қызылорда облысында болды. Жаңақорған ауданында Самара-Шымкент тас жолының 2007-ші шақырымында «Мазданың» жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, жолаушы ауруханаға жатқызылды.