Бір тәулікте елімізде жол апатынан 4 адам мерт болып, 8 адам жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте елімізде жол апатынан 4 адам мерт болып, 8 адам жарақат алды

Бір тәулікте елімізде жол апатынан 4 адам мерт болып, 8 адам жарақат алды

13-маусымда бір тәулікте елімізде жол апатынан 4 адам мерт болып, 8 адам жарақат алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2005
  • 500
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Астана -Петропавл автожолының 353-шақырымында «ГАЗ-330023» және «ВАЗ-21099» автокөліктері соқтығысу салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланды.

Атырау облысында «Жигули» мен «Газель» шағын автобусының соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тәслім етті. «Газельде» отырған бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір жол апаты Астанада болды. Мұнда «Мерседес» пен «Жигули» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды.

Перейти к новостям спорта