Бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды

Бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды

Бір тәулікте індеттен 400-ге жуық адам көз жұмды.

  • 16 Қазан 2020
  • 173
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Иранда коронавирус төңірегіндегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады.

Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде бір тәулік ішінде 400-дей адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса азамат инфекцияға шалдыққан.

Науқастардың көптігі сонша, Тегеран ауруханаларында бос орын жоқ. Індетпен күреске әскерилер тартылып жатыр. Бұдан бөлек, инфекция кеңінен етек жайған 5 қалаға баруға шектеу қойылды.

Елдегі жағдай жақсарады деп ойламаймын. Керісінше, күн өткен сайын ахуал нашарлап барады. Тұрғындар тәртіпке бағынбайды. Сондықтан айыппұл салу арқылы ғана жағдайды жақсартуға болатын секілді, — дейді Тегеран қаласының тұрғыны Мұхадесех Кәрім.


Соңғы жаңалықтар