«Конституция парламенттің қазіргі құрамына жаңа конституциялық өкілеттіліктер алып жүзеге асыруға мүмкіндік бере ме, егер берсе, қай тұста ондай өкілеттілік бар», деген сауал тастады осы жөніндегі мәлімдемені бүгін өткен паталаның жалпы отырысында жария еткен депутат Нұрбақ Рүстемов.
Сонымен бірге, депутаттар Конституциялық кеңестен мынадай сауалға жауап беруді сұрады: «Конституциялың жаңа тиісті нормаларының жедел қолданысқа енгізілуі үшін мәжіліс өз бетімен тарауға шешім қабылдай ала ма, егер ол мүмкін болмаса, мемлекет басшысы өзінің мәжілісті тарату жөніндегі конституциялық өкілеттілігін пайдалана ала ма?».
Сонымен бірге депутаттар Конституциялық кеңеске «қазіргі шақырылымдағы парламент мәжілісін тарату парламент депутаттарына жаңа өкілеттіліктер берудің жаңа тәртіптерін белгілеу мүмкіндігін қарастырып заңдастыратын Конституция нормаларын қолданысқа енгізуге негіз бола ала ма, егер негіз болса, онда төртінші шақырылған мәжіліс сайланғаннан кейін республика парламенті жаңа конституциялық өкілеттіліктерге ие бола ма», деген сауалға жауап беруді сұрады.
Мәлімдемені жария еткен Н.Рүстемовтың айтуынша, «парламенттің жаңа өкілеттілігіне байланысты тарихи өзгерістер тек 2009-жылдан кейін ғана күшіне енеді, демек, қазіргі шақырылымдағы парламент мәжілісінің өкілеттілік мерзі аяқталған соң күшіне енбек», «яғни, мәжілістің өкілеттілігі аяқталға дейінгі қалған екі жыл шын мәнісінде конституциялық өзгерістердің күшіне енуіне қарсы мораторий сипатына көшіп, саяси модернизациялық процесстерді тежемек». «Мұндай жайт парламент депутаттарына еліміздегі маңызды мәселелерді шешуді сеніп тапсырған Қазақстан халқының мүддесіне сай келмейді»,- деді депутат.
Рүстемовтың айтуынша, Конституциялық кеңеске жолданған мәлімдемені 50 депутат қолдаған.
Парламенттнгі ақпарат көзінің журналистерге хабарлауынша, мәжілістің қазіргі құрамының өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау жөніндегі шешім маусымның үшінші онкүндігінде қабылданып, сайлау тамыздың үшінші онкүндігінде өткізілуі мүмкін. «Маусымның 20-шы жұлдызыдарында шешім қабылданып, сайлау 26-тамызда өткізіледі»,- деді ақпарат көзі. Ал тағы бір ақпарат көзінің айтуынша, сайлау қыркүйектің аяғында өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті