Бір туған ағайындылардың балалары бір-біріне үйлене беруіне әбден болады - Қырғызстандық имам - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір туған ағайындылардың балалары бір-біріне үйлене беруіне әбден болады - Қырғызстандық имам

Бір туған ағайындылардың балалары бір-біріне үйлене беруіне әбден болады - Қырғызстандық имам

Қырғызстандық имам Мақсат Тоқтомушев уағыздарының бірінде ағайындылардың балалары бір-біріне үйленуге әбден болатынын айтқан.

  • 1 Маусым 2022
  • 5899
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мына имамдардың айтуынша ағайында адамдардың балалары бір — біріне үйлене беруіне әбден болады екен..

"Жеті ата өтпей үйленуге болмайды",- деген сонда қазақтың надандығы ма?

"Шымшық сойса да қасапшы сойсын" дейсіздер ғой.. сонда осы имамдарды, ислам ғалымдарын тыңдасақ не болғаны?
Ұрпағымыз азғын болып кетпейді ме?", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.