Бір түнде теміржол торабын салған қытайлықтар тағы да әлемді таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір түнде теміржол торабын салған қытайлықтар тағы да әлемді таңғалдырды

Бір түнде теміржол торабын салған қытайлықтар тағы да әлемді таңғалдырды

Қытайлық жұмысшылар 9 сағаттың ішінде Қытайдың оңтүстігіндегі Фуцзянь провинциясының Лунъянь қаласында жаңа Наньлун вокзалына теміржол торабын салып, таңғаларлық нәтиже көрсетті.

  • 12 Шiлде 2018
  • 227
Фото - Caravan.kz

Қытайлық қызметкерлер атқарған бүкіл жұмыс процесінің видеосы Daily Mail-да жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бір түнде теміржол торабын салған қытайлықтар тағы да әлемді таңғалдырды (фото, видео)

Қаңтардың 19-нан 20-сына қараған түні 1500 жұмысшы, 7 пойыз және 23 экскаватор Қытайдағы ең үлкен Ганьлун, Ганьжуйлун және Джанлун теміржол желісін жаңа Наньлун желісімен байланыстырды. Олар тек қана жол салмай, сонымен қатар бағдаршам мен қозғалысты бақылау құралдарын орнатты.

«Tiesiju Civil Engineering» тобының жетекшісінің орынбасары Джань Даосун жобаның қысқа мерзімде орындалу себебін түсіндіре кетті. Оның айтуынша, қызметкерлер бір мезгілде әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін жеті бригадаға бөлінген.

 


Оқи отырыңыз:

“Қызымның жан дауысы шықты”. Түркістанда болған оқиға жұрттың үрейін ұшырды

Бекшин: Той өткізерде мейрамхана сәніне емес, асханасына назар аудару керек