"Бір түйір орысы жоқ оңтүстік ауылдарда "аралас мектеп" ашқанды тоқтатыңдар" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір түйір орысы жоқ оңтүстік ауылдарда "аралас мектеп" ашқанды тоқтатыңдар" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Бір түйір орысы жоқ оңтүстік ауылдарда "аралас мектеп" ашқанды тоқтатыңдар" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы Түркістан облысындағы ауылдарда "аралас мектеп" ашуға қарсы шықты.

  • 14 Қараша
  • 40
Stan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бір түйір орысы жоқ оңтүстік ауылдарда «аралас мектеп» ашқанды тоқтатыңдар!!!!

Неге олай? — десем, ауылдағы ағайын айтады: «Өзбек, тәжік сияқты өзге ұлттарға арнап орыс сыныптарын ашқан» дейді.

Ёпашамайттар-ай ә!!! Өзге ұлттар құдай ма не??? Сол өзбек-тәжік, орыс, тағы басқалар қазақ мектебіне баласын оқытқысы келмей ме, — барсын! Құрысын! Орыс мектебінде оқығысы келсе ресейге барып оқысын!!!!!!! О несі-и????

Тез арада оңтүстіктегі «аралас мектеп» деген статусты құртып, толығымен таза қазақ мектебі ғып ауыстырмасаңдар бар ғой…. онда пиняйте на себя!!! Бүкіл ауылдастарымды көтеремін!!!!!!!….

Жетісайға, Атакентке, Мырзакентке т.б ауылдарға орыс мектебі атасының басына керек пе??? Анау Фирдауси ауылы мен мектебінің түрі анау, — ауыл, мектеп деген аты ғана, шын мәнінде хиджабқа оранғандардың мекені… үй ішінен үй тіккендер, мемлекет ішінен мемлекет құрғандар……… өздері жыл санап емес, ай санап, апта санап көбеюде……. Олар мемлекеттің бүгіні үшін де, ертеңі үшін де қауіпті екенін өтірік білмегенсіп отырсыңдар ма?», — деп жазды журналист.