Бір үйдің үш баласы суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір үйдің үш баласы суға батып кетті

Бір үйдің үш баласы суға батып кетті

Алматы облысына қарасты Райымбек ауданында қайғылы оқиға орын алды.  Ойнап жүрген бір үйдің үш баласы үй іргесіндегі арықтағы суға батып кетті.

  • 10 Мамыр 2017
  • 342
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады qasym.kz.

Құтқарушылардың дерегінше, 2012, 2014 және 2015 жылы дүниеге келген екі қыз бен бір ұл бала үйден 300 метр қашықтықта ойнап жүрген. Аналары үйде түскі ас дайындап жатады. Балаларының көріп келуге шыққан әкесі олардың суға батып кеткенін көрген.

Қазір аталмыш дерек бойынша іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде.


Айта кетейік, дәл осы күні Ескелді ауданында 13 жастағы екі қыз Теректі өзеніне батып кеткен болатын. Саңырауқұлақ жинауға кеткен 2004 және 2006 жылғы қыздар үйлеріне қайтпай қояды. Балалардың кешіккеніне алаңдаған ата-аналары дабыл қағып, іздеу жариялаған. Түні бойы төңіректі шолып шыққан құтқарушылардың жұмысы еш нәтиже бермеген. Тек ертесі күні ғана олардың мәйті табылды.