Бір жарым жасар қызын өлтіріп, көміп тастаған әйел адам небәрі төрт жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір жарым жасар қызын өлтіріп, көміп тастаған әйел адам небәрі төрт жылға сотталды

Бір жарым жасар қызын өлтіріп, көміп тастаған әйел адам небәрі төрт жылға сотталды

Ресейде бір жарым жасар қызын өлтіріп, көміп тастаған өзбекстандық әйел адамға үкім шығарды. Қайғылы оқиға Новосибирскіде болды

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruby-на сілтеме жасап хабарлайды.

Сот құқық қорғау органдары жинаған дәлелдемелерді Өзбекстан Республикасының тұрғынына үкім шығару үшін жеткілікті деп таныды.

Сонымен қатар, оның сәбиін жүйелі түрде соққыға жыққаны үшін кінәлі деп танылды.

«Тергеу мен соттың мәліметінше, 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында бір жарым жасар қызын тәрбиелеп отырған сотталушы ұрып-соғу арқылы оған жүйелі түрде физикалық және моральдық азап шеккен. 2021 жылдың тамызында сәби қайтыс болды, ал анасы медициналық көмекке жүгінбестен, қызын өз бетінше жерлеп тастаған», — делінген хабарламада.

Сот тергеу жинаған дәлелдемелерді ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Перейти к новостям спорта