Психология, дін, отбасы тақырыптарын қозғайтын әр видеосы 400 мың мен 1 миллионнан аса қаралым жинайды. Оның инстаграмда жариялаған кезекті видеосы да көптің қызу талқысына түсті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
""Таза, қыз болмай-ақ қойсаң да ештеңе жоқ. Онда тұрған не бар?" деп құрбы құрбысын, жігіт қызды алдайды. Мәселе онда емес. Мәселе Құдайдың көріп тұрғанында ғой. Мүмкін сен бір жігітпен жата салсаң онда тұрған ештеңе болмауы мүмкін. Сенің болашақ күйеуің оған қарамастан алуы мүмкін. Бірақ сенің не істегеніңді Құдай көріп тұр. Сен оны істемеуіңе де болар еді. Сенің болашақтағы бақытың күйеуіңнің емес, Құдайдың қолында ғой. Адамды алдаймыз. Адамды сендіре аламыз. Бірақ, Құдайдың ризашылығын қалай аламыз? Бүкіл бақыт соның қолында ғой. Қанша минут, қанша секунд өмір сүретінің оның қолында ғой. Қанша ризық, несібе болары оның қолында", — деген ол.
Желі қолданушылары "Өте дұрыс. Ар-ұят өзің үшін керек?", "Ал неге жігіттер таза болмайды?", "Абыройсыз, надан қыздардан сақтасын" деген сынды түрлі пікірлерін жазуда.