"Бір жылда 3 миллион теңге": Қазақстандық жігіт сүйіктісімен айырылысып кеткеннен кейін оған жұмсаған ақшасын қайтарып алғысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір жылда 3 миллион теңге": Қазақстандық жігіт сүйіктісімен айырылысып кеткеннен кейін оған жұмсаған ақшасын қайтарып алғысы келеді

"Бір жылда 3 миллион теңге": Қазақстандық жігіт сүйіктісімен айырылысып кеткеннен кейін оған жұмсаған ақшасын қайтарып алғысы келеді

Қазақстандық жігіт сүйіктісімен айырылысып кеткеннен кейін оған жұмсаған ақшасын қайтарып алғысы келеді

  • 23 Қыркүйек 2025
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы блогер Нұрдәулет Мэлс Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бүгін маған бір жігіт жазады. «Бір қызбен бір жыл бойы кездесіп жүрдім. Одан кейін мені лақтырып кетті» деген сияқты. Жігіт қызды қатты жақсы көрген, гүлін, киімін бәрін алып берген. Бір жылдың ішінде ол қызға 3 миллион теңгедей ақша жұмсаған екен. «Осыны интернетке шығарайық» дейді. Сосын мен «араласпаймын, оны сотқа беріңіз. Сонда беріңіз», — деп айттым. Жігіттер, ондайға бармайық. Қыздар үшін шын жүректен бердіңдер ме, оны кері сұрамаңдар. Ол қате нәрсе, ол жігіттікке жатпайды», — деп жазды блогер.