Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап.
Промоутердің айтуынша, боксшылар тіпті жекпе-жектің соңғы аптасына дейін кездеспеу туралы шешім қабылдаған, себебі олар бір-бірін көргісі келмейді екен. Боксшылар ешқандай да жарнамалық акциялар да жүргізбейтін болып шешті.
Осылайша, басылымның мәліметінше, Головкин мен Альварес НВО арнасының бағдарламаларына қатыспайды.
Еске сала кетейік, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте Орта Азиядағы ең үлкен су қалашығы ашылды
Қазақстанда үй сату мен сатып алу жиілей бастады