Бұл туралы актердан Caravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбат алған болатын.
— Сізді 16 қыз фильмінен соң танимыз. Жалпы қай өңірдің тумасысыз? Өзіңіз жайлы айтып өтіңізші?
— Мен Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында дүниеге келгенмін. 2001 жылы мектеп бітіріп Алматыға ат терлетіп кетіп қалғанмын. Сонда Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде актер мамандығын бітіргенмін. Бәйтен Омаров, Төлебек Аралбаевтар ұстазым болған. Ол жерді 2004 жылы бітірдім. Ол жерден соң Семейде Абай атындағы драма-театрда қызмет еттім 10 жылдай актер болып. 2012 жылы Алматыға қайтадан келдім.
— 16 қыз фильмі қателеспесем сіздің алғашқы түскен туындыңыз ба?
— Иә, осы Алматыға көшіп келгеннен кейін түскен алғашқы кином «16 қыз». Одан кейін «Жарық» деген сериалда ойнадым 25 бөлімнен тұратын. Одан кейін 16 қыздың жалғасы ретінде «Ең сұлу» деген сериал щықты сол жерде ойнадым басты рөлде. Жарыққа шыққанына бір жылдай болып қалды. Кішігірім эпизодтарда ойнап жүрмін қазір.
— «16 қыз» фильміндегі көрермен үшін ең қызық сәт бәстен жеңіліп қалып Берік Айтжановтың ерніннен сүйген көрініс. Жалпы сол кезде қаншалықты қиын болды сізге ер адамның ерінін сүю.
— Бұл енді менің бірінші рөлім ғой. Сол жерге барғанда дайындық кезінде ештеңе білмеймін, сценарийді оқыдым. Режиссердан сұрадым шын сүйем ба деп. Ол да "иә, шын сүю керексің",- деді. Сөйтсем дайындықтың кезінде де шын сүйген екенмін. Берік ренжіді маған дайындықта өтірік сүйесің, түсіргенде ғана шын сүйесің деді. Сол той сахнасын 1 күн түсірді таңертеңнен кешке дейін. Менде қоймай таңнан кешке дейін сүйе беріппін ғой.
— Қандай сезімде болдыңыз ер адамды сүйгенде?
— Сезім дегенде сезім мүлдем болған жоқ. Тек қорқыныш болды қателесіп қалам ба деген. Бірде мұрнынан, бірде мұртынан сүйіп қала бердім ғой.
— Түсірілім кезіндегі қызықты оқиғаңызды айтып беріңізші?
— Қызық өте көп болды. Соның бірін айтайын жаңағы сүю дегеннен есіме түсіп кетті ғой. Берік маған жынданады өтірік сүйші, дайындық қой бұл деп. Мен қоймаймын шын сүйем ерніңнен біраз жібермей тұрам маған бәрібір деп. Ақша берсең өтірік сүйем деп түсірілім кезінде 10000 теңге алып алғам.
— Қазір немен айналысып жатырсыз?
— Енді қазір қатты сұраныс жоқ киноға. Тоймен жүрміз. Бұйыртқаны боп жатыр. Жақында «Бақталас» атты сериал шығады сол жерде мен ойнаймын. Бұйырса көктем шықса кастингтер басталады шақырту алып қалатын шығармын.