Бірде-бір шенеуніктің осылай халық алдында бас игенін көрмедім - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірде-бір шенеуніктің осылай халық алдында бас игенін көрмедім - Айгүл Орынбек

Бірде-бір шенеуніктің осылай халық алдында бас игенін көрмедім - Айгүл Орынбек

Заңгер өзге елдегі шенеуніктердің халықтан бас иіп кешірім сұрайтынын тілге тиек етті. 

  • 7 Желтоқсан 2022
  • 430
Фото - Caravan.kz

Айгүл Орынбек мұнымен еліміздегі шенеуніктер халықтан кешірім сұрауын талап етпекші ме, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

Өзге елдің шенеуніктеріне "қызығасың" деді заңгер. 

"Билікте жүрген біразының кесірінен Екібастұз халқы дәл қазір, иә қыстың қара суығында жылусыз отыр.

Ал біздің елде жіберген ағаттығы немесе кінәсі үшін мына суреттегідей кешірім сұраған бір шенеунікті көрдіңдер ме?!

Мемлекетіміздегі маңызы мол мәселелерді көтеріп жүрген белсенді азаматша ретінде айтар болсам, бірде-бір шенеуніктің осылай халық алдында бас игенін көрмедім!

Керісінше, қолдарында билігі барлар, халықты өздеріне иілдіріп, саусақпен нұқи жұмсап, үнін шығармай құлша игеріп отырғанын көріп жүрмін!

Атқарушы биліктегі “атқамінерлер”халыққа басын иіп, құрмет тұтып, жұмыс істеген ел ғана — алға жылжиды, өрлеп дамиды!

Ал халқын құл көретін шенеуніктер — елді құлдырауға әкеледі!

Мына суретте Жапония футбол тренері өз жұртынан үмітін ақтай алмағаны үшін риясыз кешірім сұрап тұр. Әсерлі әрі шынайы..! Қызығасың!


Халқының мәртебесі жоғары елдің шенеуніктері басты миссиясын ұмытпайды, көптің қамы үшін қызмет етіп, бас иеді!

Ал біздің халықтың мәртебесі баяғыда, шенеуніктерге сол “көпшік” қойып жүргенде-ақ төменге түсіп кеткен..! Сондықтан, шенеуніктерді жөн-жосықсыз мақтап-мадақтап, “көйлеңкесіне” табына бермей, талап етуді үйренейік! Сонда ғана, “шенділер” мен “шенеуніктер” қалтасы мен құлқынының құлы емес, нақ халықтың құлы екендері естеріне түседі!", деп жазды. 

"Тойымсыз, ашкөз , арсыз шенеуніктер тек түрменің төріне барған кезде ғана шыбын жаны шырқырап, бас иіп , біреудің туфлин сүйеді, артын жалайды", "Бұндай болуға бәріміз кінәліміз. Қорқақ әрі сауатсызбыз", "Бізде бас иіу емес, бас идіру белең алып барады", деп екі ұшты пікір жазды оқырмандар.