“Бірдей түрлерден сәлем” Актриса Мереке Қалбаева жұртты күлкіге қарқ қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бірдей түрлерден сәлем” Актриса Мереке Қалбаева жұртты күлкіге қарқ қылды

“Бірдей түрлерден сәлем” Актриса Мереке Қалбаева жұртты күлкіге қарқ қылды

Жайдарман ойындарының актрисасы Мереке Қалбаева инстаграм әлеуметтік желісіне жолдасы мен қызының суретін салып, жұртты әбден күлдірді.

  • 26 Қаңтар 2022
  • 2661
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Қазіргі таңда әншілікке бет тұрып, өзінің жетекшілігімен веб-сериал түсіріп көрерменнің көңілін көтеріп, жүздеріне күлкі сыйлап жүрген Мерекенің алдағы уақытта жақсы жаңалықтары жетерлік.

Инстаграмда актрисаның оқырмандарының саны +750.000-ға жетті. 

Күнде әзілдерімен оқырмандарын күлдіріп оятатын актриса бүгін жолдасы Арсен мен қызы Арудың шаштарын бірдей буып суретке түсіріп желіге "Бірдей түрлерден сәлем",-деп жүктеген болатын.


Мұны көрген оқырмандар әбден күлкіге "қарқ" болғанын жарыса жазды.

"Осылай күлдірмесеңдер Квн-чик боласыңдар ма?","Ма Ша Аллах","Әкесіне ұқсаған қыз әдемі және бақытты болады","Бақытты болыңдар","Әрдайым осылай күлдіріп жүре беріңіздер",- деп пікір қалдырды.

 

Перейти к новостям спорта