Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Соңғы бірер күннің ішінде алты бірдей көзкөрген адамдарым бақилық болды. РАББЫМ сұрақтарын жеңілдетіп, қараңғы қабірін жарық қылғай. 😔 Баяғыда, қақпасы күміспен күптелген, ас-аяғы алтынмен апталған, үйір-үйір жылқысы, мыңғырған малы бар бай хәл үстінде жатып, өлімнен, қабірден қорыққаны сонша ұлдарына өлген соң қабіріне өзімен бірге бір тәулік түнеп шығуын сұрайды. Мезгілі жетіп, жерлейтін кез келгенде көрге кіруге ешкімнің жүрегі дауаламайды. Тоғайдан отын тасып, соны сатып күнелтіп жүрген тақыр кедейді тауып алып: "Әкемізді жерлегенде қабіріне бір тәулік түнеп шықсаң болды, ат басындай алтын береміз" деп, көндіреді. Бір тәуліктен соң әлгі бейбақты уәде бойынша қайта қазып алады. Көрден өңі қашып, шашы ағарып шыққан бейшара: "Ат басындай алтын түгіл тас берсеңдер де алмаймын"-дейді. "Мүңкір Нәкір (Қабірде сұрақ алатын періштелер) келіп сұрақ-жауап алғанда РАББЫМның АЛЛАh екеніне, Пайғамбарымыздың Мұхаммед (с.а.с) екеніне, кітабымның ҚҰРАН екеніне жауап бердім. Алайда,бір құшақ отынымды буып арқалап әкеліп жүрген арқанды қайдан алғанымды сұрағанда жауап бере алмай қиналдым. Ат басындай алтын үшін қалай жауап берем…", деп зар еңіреген екен. Біз ше?!", деп жазды.