Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сұмдық жайт 15 қазақ күні орын алған.
Өрімдей қыздың кісі қолынан қаза болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған еді. Қала тұрғындары қыздың отбасына қайғыра көңіл айтуда.
«Бізде тәртіп жоқ, адамды қорлау, өлтіру көп, себебі қылмыскерлер жазадан құтылып кетеді», — деп жазуда олар.
Желіде марқұм қыздың біреудің жалғыз қызы болғаны айтылып жатыр.
«Ол үйінің жалғыз қызы. Көршілерінің айтуынша қызды жігіті өлтіріп кеткен», — деп жазуда желі қолданушылары.
«Жедел-іздестіру шарасы бойынша полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні қамауға алды, ол өзінің қылмысқа қатысы бар екенін мойындады», — деп мәлімдеді құзырлы орган өкілдері.