Бірі бірінен өткен сорақы: жалаңаш мүсін халықтың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірі бірінен өткен сорақы: жалаңаш мүсін халықтың жағасын ұстатты

Бірі бірінен өткен сорақы: жалаңаш мүсін халықтың жағасын ұстатты

Алматыда тағы бір мүсін жұрттың сынына ұшырады: қалалықтар оның мәнін түсінбей аң-таң

  • 29 Шiлде 2018
  • 186
Фото - Caravan.kz

Алматылықтар жалаңаш ер адамның мүсінін жүк көлігімен тасымалдап бара жатқанын байқап қалған, деп жазды.sputniknews.kz

"Байбек алматылықтарды таңғалдырудан жалықпайды. Жуырда! Алаңдардың бірінде…. қомақты сомаға…", — деп жазды фото авторы Андрей Мун.

Суретке жазылған пікірлерде желі қолданушылары бұл нысанды Дональд Трамптың мүсіні немесе "жамбас ізі" салынған ағаш атқа отырғызылады, болмаса шенеуніктерге қойылған ескерткіш деп түрлі болжамдар жасады.

Сөйтсе, бұл мүсін о баста қытай мейрамханасының кіреберісінде тұрған екен. Қазір мейрамханада жөндеу жұмыстары басталып, ескерткішті басқа жаққа апарып қойыпты.

Алматылықтар биыл қала билігінің жүйрік қиялына таңғалудан жалықпай келеді. Қоғам назарына іліккен атышулы мүсіндердің бірі — "Атакент" орталығының алдына қойылған алып Тиін. Оның құны 23 миллион теңге болып шыққан.

Кейінірек Панфилов көшесінде "Ер-тоқымның пайда болуы" атты ағаш аттың мүсіні орнатылды: аттың үстінде қоладан жамбас ізі құйылған.

Ер-тоқымның пайда болуы

 

Соңғы жаңалықтар