Қазақстандық киберспортшы Әнуар Халықбергенов аяқ киімінің жарыстың екінші күні-ақ жартылып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Айтуынша спорттық үлгіде тігілген форманың кей түрлері бірінші күні-ақ жыртылып қалған.
«Көбі менен форма жайлы сұрап жатыр, шынымен сапасы сын көтермей ме деп. Иә, расымен солай. Тек үстімдегі поло ғана аман қалды. Қалғанының бәрі бірінші күні-ақ жыртылып, жиырылып, сөгітіліп қалды. Ал берген шортылары мен киетін көлемнен 10 есе үлкен шығар, оны да кие алмадым», — деп жазды ол.