Жарияланды: 370

«Бірінші Назарбаев оқуларына» қатысуға 51 елдің ғалымдары өтініш білдірді

29 қарашада Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты «Бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумы өтеді.

Аталмыш форум Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлін айқындауды мақсат етеді. Форумға қатысуға 1500-ден астам өтініш түскен. Олардың арасында Италия, Ұлыбритания, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Франция сияқты 51 елдің ғалымдары да бар. Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстан халықаралық қауымдастықта ұстанымы берік, экономикасы мығым, демократия тұрғысынан дамыған мемлекет. Қазақстан өз егемендігін алғалы бері қол жеткізген жетістіктері еліміздің алғашқы Прездиденті Н. Назарбаевтың көшбасшылығы мен стратегиялық көреген қадамдарының арқасында жүзеге асты. Осының өзі қазіргі таңда әлемдегі салиқалы зерттеу обьектісіне айналып отыр. Тоқтала кететін жайт, Тұңғыш Президент күні биылғы 1 желтоқсанда алғаш рет мереке ретінде аталып өтіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін