Бірінші несиелік бюро тиісті дайындық жұмыстарын жүзеге асырып, бірінші пилоттық есепті шығарып, қатысушы банктерді ортақ базаға мәліметтер беруге техникалық тұрғыда дайындауға қажетті шараларды жүзеге асырды. Сонымен бірге Бірінші несиелік бюроға қатысушыларды өзара ортақ ақпарат алмасу жүйесімен жұмыс істеуге машықтандыратын семинарлар ұйымдастырылды. Жеке және заңды тұлғаларға арналған 8 түрлі несиелік есеп үлгілері дайындалды. Оны бюроға қатысушылар жаппай мақұлдады.