Бірінші сынып оқушыларының мектепке келу уақыты өзгермейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірінші сынып оқушыларының мектепке келу уақыты өзгермейтін болды

Бірінші сынып оқушыларының мектепке келу уақыты өзгермейтін болды

Мектептердегі оқу уақытын 20 минут ерте шегеру жөніндегі шешімнің бірінші сынып оқушыларына қатысы жоқ. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Эльмира Суxанбердиева мәлім етті.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 830
Фото - Caravan.kz

"Қазіргі уақытта ата-аналар арасында сауалнама жүргізілуде, барлық тараптардың пікірі ескерілетін болады. Бір анығы — мектептердегі оқу уақытын шегеру бірінші сыныпқа қатысты болмайды", — деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бұның алдында қала басшылығы 14 қыркүйектен бастап Астанадағы 17 мектептің оқушылары үшін сабақ таңғы 7:40-та басталады деп мәлім еткен болатын.

Алайда кейін Астана қаласының прокуратурасы бұл шешімді заңсыз деп тапты.


Соңғы жаңалықтар