Уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы көптің басын қатырған сұраққа жауап берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Танымал уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы көптің басы қатқан сұраққа нақты жауап беріп, нүктесін қойды.
— Бірінші тауық жаралды ма, жұмыртқа жаралды ма дейді, жұмыртқа десе, тауықтан шықты дейді. Ал, тауық десе, жұмыртқадан шықты ғой дейді. Кольцо дейді. Айналып жүре береді. Содан мұсылмандар айтады: Алла Тағала бірінші тауықты жаратты. Шиқылдап жүріп, жұмыртқаны туды дейді.
Мұндай сұрақтармен уақытысында гректің философтары философиялық шайтани сұрақтармен айналысқан, дейді ұстаз.