Бұл туралы «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Соның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының еншілес және бағынышты кәсіпорындарын қоса есептегенде 2015 жылдың I тоқсанында 2 898 тонна уран өндірген.
«Бұдан бөлек, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында Маңғыстау облысы және Ақтау қаласының тұрғындары үшін 1 293, 5 млн кВт/сағат электр энергиясын, 1 184 мың ГКал жылу энергиясын, 284 млн текше метр су, соның ішінде 2,35 млн текше метр ауыз су өндірді. Бұл көрсеткіштер өңірдің қуат көздері мен суға болған сұранысын толық қамтамасыз етуге жеткілікті», — делінген баспасөз баянында.
Сонымен қатар, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ есепті кезеңде өндірген бериллий өнімдері 404,054 тоннаны, тантал өнімдері — 30,08 тоннаны және ниобий өнімдері 14,672 тоннаны құрады. Ал «SARECO» бірлескен кәсіпорны 2015 жылдың бірінші тоқсанында 67 тонна көлемінде сирек жер металдарының шоғырланған концентратын шығарған.