Бірқатар шет мемлекеттердің басшылары Тоқаевты Рамазан айының басталуымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар шет мемлекеттердің басшылары Тоқаевты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Бірқатар шет мемлекеттердің басшылары Тоқаевты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

  • 4 Наурыз
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысын:

  • Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев;
  • Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд;
  • Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд;
  • БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум;
  • Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн;
  • Кувейт Мемлекетінің Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах;
  • Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах;
  • Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ;
  • Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси;
  • Марокко Королі VI Мұхаммед;
  • Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа;
  • Израиль Президенті Ицхак Герцог;
  • Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха;
  • ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гаис және басқалары құттықтады.

Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.