«Жалпы алғанда, әлемдік экономиканың тамырына қан жүгірту - оның тұрақты жандануының көрсеткіші емес», - деді Н.Назарбаев.
Қазақстан Президентінің айтуынша, дамыған елдерде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталып, экономикасы шамалы болса да өскенімен, көптеген дамушы елдерде экономиканың «ентігу» тәуекелі сақталуда, бірақ едәуір өркендеу баршылық.