Бірлескен шұғыл тергеу тобы Алматыдағы жарылысқа қатысты жорамалдарды жаппай қарастыруда - ҚР ҰҚК - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірлескен шұғыл тергеу тобы Алматыдағы жарылысқа қатысты жорамалдарды жаппай қарастыруда - ҚР ҰҚК

Бірлескен шұғыл тергеу тобы Алматыдағы жарылысқа қатысты жорамалдарды жаппай қарастыруда - ҚР ҰҚК

ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-нің бірлескен шұғыл тергеу тобы Алматыдағы жарылысқа қатысты жорамалдарды жаппай қарастыруда. Бұл орайда бұзақылықтан бастап, лаңкестікке дейінгі бүкіл долбарлар жіті зерттелетін болады. Бұл туралы бүгін, 29-қарашада ҚР ҰҚК-нің баспасөз хатшысы хабарлады.

  • 29 Қараша 2004
  • 581
Фото - Caravan.kz

«Бұл қандай жағдайда да қолданылатын тәжірибе»,- деді баспасөз қызметіндегілер. ҚР ҰҚК алдын-ала ақпараттан өзге мәлімет бере алмайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-қараша, жексенбіде кешкі 18 сағат 40 минутта «Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының ғимаратында екі жарылыс болды.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметі бойынша, жарылғыш заттар ғимараттың оңтүстік жағындағы телефон желісінің қалқанында және ғимараттың бірінші қабатының терезесі алдында орнатылған екен.
Жарылыстар салдарынан сол жерден өтіп бара жатқан кездейсоқ жүргінші, 1984-жылы туған Ж.Станбеков басы мен аяғына жарықшақ тиіп, жеңіл жарақат алды.
Ғимарат конструкциялары бүлінген жоқ.

Перейти к новостям спорта