Бірнеше келіншекті айуандықпен өлтірген азғындарға қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірнеше келіншекті айуандықпен өлтірген азғындарға қатысты сот үкімі шықты

Бірнеше келіншекті айуандықпен өлтірген азғындарға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде бірнеше келіншекті азаптап өлтіргендерге қатысты үкім шықты. Қылмыстық топқа жетекшілік еткен Сағдат Қоразбеков пен ағайынды үш жігіттің үлкені ендігі өмірлерін темір тордың ар жағында өткізеді. Қалған екеуіне де сот ұзақ мерзім кесті. Бұл төртеуі 2009-шы жылы Шалқар қаласында үш бірдей жас келіншекті көше бойынан күштеп әкетіп, зорлаған. Ойларына келгенін істеген соң айуандықпен өлтірген. 

  • 16 Тамыз 2012
  • 541
Фото - Caravan.kz

20 күнге созылған сот процесіне сотталушылардың бірде-бір туысы келмепті. Жақындарының жауыздық әрекеттері әшкере болған күнен бастап бауырлықтан бас тартқан. Бүгін сол қанды қол қылмыскерлерге облыстық мамандандырылған сот үкім кесті. Енді үш бірдей келіншекті айуандықпен өлтірген Сағдат Қоразбеков пен Жасұлан Мамытов қалған өмірін абақтыда өткізеді.

Шапағат Әлнияз, Ақтөбе облыстық мамандандырылған қылмыстық соттың судьясы:

— Сотталушылар Қоразбеков және Жасұлан Мамытов екеуіңіз де қылмыстарыңыздың жиынтығы бойынша өмір бойына бас бостандықтарыңыздан айыру жазасы тағайындалды. Мамытовқа жалпы жиынтық бойынша сізге 25 жыл, ал Ерлан Мамытов сізге 23 жыл тағайындалды.

Естеріңізге сала кетелік, осыдан үш жыл бұрын Шалқар қаласында үш әйел ұшты-күйлі жоғалып кетіп, халық қанішер пайда болды деп біраз дүрліккен болатын. Өйткені, жас келіншектерді қылмыскерлер көше бойынан алып қашып, артынан ойларына келгендерін істеген-ді. Бір әйелді олар бірге арақ ішіп, масайған кезде суға тұншықтырып өлтірсе, тағы бірін тас жолдың жиегіне көміп кеткен. Қанды қол қылмыскерлер 30 жастағы мектеп мұғалімін де аямады. Келіншекті дүкенге бара жатқан жолда көліктеріне күштеп мінгізіп, қала сыртына апарып азаптапты. Кейін денесін өртеп жіберген.


Сермағанбет Нұрмағанбетов, марқұмның қайынатасы:

— Бұдан артық қандай қылмыс бар? Ауыр қылмыс. Ұстап алған кетіп бара жатқан адамды жолда. Ол өзі дүкенге бара жатқан ба, шығып кеткен үйден. Ұстап алып олар зәбірлеген. Өлтіргеннен кейін осы тізеден бе екен, тізеден жоғары ма екен қазып жерді топырақты сол арада өртеген. Кәдімгідей өртеген. Еті ештеңе емес, сүйегіне дейін жанған қап- қара.

Ауыр қылмысқа барған үшеу бір отбасынан шыққан. Қазір олардың ата-анасы есігін тас жауып, ауылдастарының бетіне қарай алмай отыр. Ал сотталушыларды марқұмдардың туыстарымен беттестірген кезде олар осындай айуандыққа естерінен танғанша арақ ішіп, мас болғандықтан бардық деп ақталған. Судья бұл төртеуін бас бостандықтарынан айырып қана қоймай, ішкіліктен арылту үшін күштеп емдету туралы қосымша шешім де шығарды.