Бірнеше өңірлерде науқастармен жүргізілген сауалнаманың нәтижесі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірнеше өңірлерде науқастармен жүргізілген сауалнаманың нәтижесі

Бірнеше өңірлерде науқастармен жүргізілген сауалнаманың нәтижесі

Халықтың медициналық қызметтердің сапасына байланысты арыз-шағымдарының шамамен 70 пайызға жуығы түсініспеушіліктен туындайды.

  • 14 Қараша 2012
  • 333
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Медициналық ұйымдардағы ішкі аудит қызметінің жұмысын жетілдіру» тақырыбында өткен жұмыс тобының отырысында «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Дмитрий Тришкевич мәлім етті.

Халықтың медициналық қызметтердің сапасына байланысты жазған арыз-шағымдарының себептерін зерттеуге бағытталған арнайы әлеуметтік жоба аясында «Ардагер» қоғамдық бірлестігі Астана, Алматы қалаларында, сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында науқастармен сауалнама жүргізді.

«Дәрігерлер, медициналық ұйымдар емделушілердің пікірлерін ескеруі тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл жұмысты әлдеқайда бастап кеткен. Ішкі аудит қызметі құрылып, министрдің ғаламторда жеке блогы ашылып жатыр. Себебі зерттеу барысында анықталғанындай, арыз-шағымдардың шамамен 70 пайызға жуығы түсініспеушіліктен туындайды екен. Сондықтан науқастар мен дәрігерлер арасындағы мейлінше ашық диалогтың маңыздылығы жоғары», — деді ол.

Оның айтуынша, азаматтардың наразылығы негізінен кезектерде көп күтіп қалғанынан, құжаттарды дұрыс рәсімдей алмауынан болады. Кейін олар жалпы медициналық қызметтің сапасыз болғаны жөнінде айтып, арызданады.

«Көп мәселе менеджментке тәуелді. Медициналық ұйымдардың науқастарды күтіп алып, шығарып салуына қарап, азаматтардың пікірі қалыптасады», — деп атап өтті Д.Тришкевич.

Соңғы жаңалықтар