Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде көшеге шықты деп ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов басынан өткен жағдайды Instagram-дағы парақшасында жазған. Ол 10 қаңтарда еліне оралғанда денсаулығына қаншалықты зақым келгенін сезбегенін еске алыпты.
Ағам Рустамның ақылымен ауруханаға бардым. Тексеру нәтижесінде бірнеше қабырғам сынған, көкірек сүйегіме зақым келген, қабырға шеміршегінің жарылуы, ми шайқалуы сынды бірқатар белгілер анықталды. Бірден операцияға жатқызды, —деп жазды Викрам Рузахунов.
Қырғыз музыканты енді-енді ес жиғанын айтады. Ұсталған кезінде құжаттары мен банк картасы, ұялы телефоны, ақшасы түгелдей қайтарылмапты. Жоғалған.
Викрам өзі сияқты қаншама азаматтың жазықсыз қамалғанын, таяқтың астында қалғанын да еске салған.