Бірнеше семейлік ата-ана құқығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірнеше семейлік ата-ана құқығынан айырылды

Бірнеше семейлік ата-ана құқығынан айырылды

22 ақпан күні мектеп оқушыларының қатысуымен орын алған келеңсіз оқиға облыстық Полиция департаментінің және Білім басқармасының жіті бақылауында. Бүгін аталған оқиғаға қатысты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

  • 26 Ақпан
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында жасөспірімдер арасындағы бұзақы әрекеттер қаралды. Нәтижесінде үш ата-ана ата-ана құқығынан айырылды. Сонымен қатар екі балаға қатысты қамқоршылықты тоқтату туралы шешім шығарылды. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық оқиғаға қатысушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл шешімнің мақсаты — түзету жұмыстары мен психологтармен уақытша оқшаулау жағдайында жұмыс жүргізу,-делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Перейти к новостям спорта