Бірнеше жекпе-жектен кейін Головкин әлемнің үздік боксшыларының бірі атанады - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірнеше жекпе-жектен кейін Головкин әлемнің үздік боксшыларының бірі атанады

Бірнеше жекпе-жектен кейін Головкин әлемнің үздік боксшыларының бірі атанады

 Бірнеше жекпе-жектен кейін WBA-ның орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан pound-for-pound боксшы атанады, яғни ол ғаламшардың үздік боксшыларының әлемдік көшбасшылары қатарына кіреді. 

  • 13 Қаңтар 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz


Осындай пікірін The Boxin Voice-қа берген сұхбатында «жыл жаттықтырушысы» атағының алты дүркін иесі Фредди Роуч білдірді, деп хабарланады GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

«Головкин — өте мықты боксшы, оның жаттықтырушысы да жақсы. Мен көптеген боксшылардың Головкинмен айқасудан қашып жүр деп ойлаймын. Бұрын оны Америкада аса елемесе, қазір сол олқылықтың орны толтырылып жатыр. Бірнеше жекпе-жектен кейін ол әлемдегі үздік pound-for-pound боксшылардың бірі болады деп ойлаймын», — деді Фреди Роуч. 
Бұған дейін хабарланғандай, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 21 ақпан күні Монакода британдық Мартин Мюррейге қарсы өткізеді.