Жарияланды: 490

Бірқатар аймақтарда дауылды жел үйлердің шатырын жұлып, электр тасымалдау желілерін үзіп кеткен

Батыс Қазақстан облысында Сырым, Қаратөбе және Бөкейхан аудандарында 28 м/с жылдамдықпен соққан жел жекелеген ғимараттардың шатырып жұлып кетті, деп сейсенбі күні ҚР ТЖМ хабарлады.

Мысалы, Сырым ауданының Жымпиты кентінде Досмұхамбетов атындағы мектептің шатырының 900 м2 ауданы, «Балдырған» балалар үйінің шатырының 1200 м2 ауданы жұлынып, ВЛ – 110 электр тасымалдау желісі үзілді. Қаратөбе ауданындағы Қаракөл орта мектебінің шатыры жұлынып, түтін құбырлары қирап, терезелері сынды; Бөкейорда ауданының Саралжың және Тереңқұдық кенттерінде К. Сағырбаев атындағы орта мектеп пен балабақша шатыры қирап, КТФ үш трансформаторы сынып, телефон және электр желілерінің бағаналары сынып, жеке үйлердің шатырлары жұлынды. Зардап шеккендер болған жоқ. Қазір ол жерде комиссия жұмыс істеп, зардап шығынын анықтауда. Бұл ретте Қызылорда облысының Арал ауданындағы Ақбасты және Құланды елді мекендерінде дүйсенбі күні 21:40 сағатта 17-20 м/с қатты жел күрт көтерілуінен №260-шы мектептің «А» корпусының шамамен 450 м2 шатыры қирап, №262-ші мектептің спортзалының 35 м2 шатыры жұлынып, №65 мектептің қазандығының 200 м2шатыры жұлынып, «Ұлан» лагерінің сахнасының 50 м2 шатыры жұлынып, жоғарғы вольтты электр желісінің бір бағанасы құлады. Ақбасты және Құлан елді мекендері электр жарығынсыз қалды. Адам шығыны жоқ. ТЖМ мәліметтерінше апат салдарын жоюға электр мамандарының 1 бригадасы мен Арал ауданының 3 техникасы жұмылдырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін