Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі нарықта негізгі азық-түлік тауарларына арналған бағаны тұрақтандыру және халықты қажетті азық-түлік тағамдары көлемімен қамтамасыз ету мақсатында күріш, шұжық өнімдері, сүт, ірімшік және сыр, май, маргарин, балық, жемістер мен көкөністер сияқты бірқатар елеулі азық-түлік тауарларына кедендік баж салығының мөлшерлемелерін (ҚР үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 112 қаулысы) төмендету мерзімінің әрекеті 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды (Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 531 қаулысы), деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті