Бірқатар Еуропа елдерінің орталық банктерінің басшылары Алматыда бас қосып энергетика рыногындағы ахуалды талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар Еуропа елдерінің орталық банктерінің басшылары Алматыда бас қосып энергетика рыногындағы ахуалды талқылайды

Бірқатар Еуропа елдерінің орталық банктерінің басшылары Алматыда бас қосып энергетика рыногындағы ахуалды талқылайды

Бүгін, 25-маусымда Алматыда Халықаралық Валюта қоры-Әлемдік банк тобының отырысы өтеді. Онда осы топқа кіретін бірқатар елдердің орталық банктерінің өкілдері энергетика рыногындағы, соның ішінде мұнай саласындағы ахуал туралы, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылықты сақтау және оған мониторинг жүргізу саласындағы орталық банктердің ролі туралы талқылайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 553
Фото - Caravan.kz

Кездесуге Бельгия Ұлттық банкінің, Чехия, Венгрия, Люксембург, Словакия, Словения және Түркия орталық банктерінің басшылары, сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкі, қаржы министрлігі, Халықаралық Валюта қоры, Әлемдік банк және мұнай өндіруші компаниялар өкілдері қатысады.

Мәжіліс барысында Халықаралық Валюта қоры-Әлемдік банк тобына қатысушы елдер өкілдері Қазақстандық ұйымдар мен компаниялар өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулері мен өзара консультациялар өткізеді.
Халықаралық Валюта қорының Қазақстандағы өкілдігі 1995-жылдан бастап жұмыс істеді. Ал 2003-жылдың ортасынан бастап Қор Қазақстандағы тұрақты өкілін тағайындауды доғарды.
Қазақстан Әлемдік банкке мүшелікке өткен 1992-жылдың қыркүйек айынан бері тұтастай алғанда 23 жобаны жүзеге асыруға 1,9 млрд. долларға тең несие алды. Оның 1,4 млрд. доллары игерілді. Бұл ретте қаржының басым бөлігі, яғни, 66 проценті мемлекеттік басқару, энергетика және қаржылық басқару тәрізді негізгі үш салаға инвестицияланды. Несиелік жалпы қоржынның 50 проценттен астамы құрылымдық қарыздар. Қазір ауылшаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және инфрақұрылымды дамыту саласында 7 жоба жүзеге асырылуда. Олардың жалпы құны 520 млн. долларды құрайды.