Қазақстан президенті сондай-ақ, болашақта «экстремистерге бүйрегі бұратын» бірқатар мемлекеттермен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік бар деп санайды. Н.Назарбаев Шанхай Ынтымақтастық ұйымының лаңкестікпен күресті басты мақсаттарының бірі етіп қоюын «оңды қадамға» балайтынын атап өтті.
Бүгін Ташкентте ұйымның аймақтық антитеррорлық құрылымы Атқару комитетінің ресми ашылуы осыған байланысты екенін Н.Назарбаев еске сала кетті. Атқару комитеті халықаралық лаңкестік ұйымдар, олардың құрылымы, жетекшілері мен қатысушылары, қаржысы мен оларды қаржыландыру көздері, заңсыз есірткі айналымы туралы мәліметтер қорын құрып толықтыру жұмыстарымен айналысады.
Елбасы сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің арнаулы қызметтері де осы саладағы ынтымақтастықты дамытады деп атап өтті.