Бірқатар мемлекеттің елшілері ҚР Президентіне сенім грамоталарын тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар мемлекеттің елшілері ҚР Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Бірқатар мемлекеттің елшілері ҚР Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

  • 28 Қазан 2015
  • 626
Фото - Caravan.kz

«Сіздерді еліміздегі дипломатиялық қызметтеріңіздің ресми түрде басталуымен құттықтаймын. Еларалық ынтымақтастықты дамыту жолындағы жұмыстарыңызға зор табыстар, өздеріңізге денсаулық тілеймін. Сіздер бізге мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезіңде келіп отырсыздар. Қазақстан халқы жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтті. Ерте заманда Ұлы Дала Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы Жібек жолының орталығы болған. Қазақстан Жібек жолы дәстүрін жаңғырта отырып, өз дамуының жаңа белесіне көтерілді»,-деді ҚР Президенті.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысына сенім грамоталарын Қазақстандағы ЕО өкілдігінің жаңа Елшісі Траян Лауренцу Христеа, Мажарстан Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани, Польша Елшісі Мачей Ланг, Вьетнам Елшісі Доан Тхи Хиен Суан, сондай-ақ Түркия Елшісі Невзат Уянык тапсырды.