Бірқатар облыстардың қуат көздерінде жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар облыстардың қуат көздерінде жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізіліп жатыр

Бірқатар облыстардың қуат көздерінде жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізіліп жатыр

Қазақстанның бірқатар облыстарының қуат көздерінде жөндеу жұмыстары кестеден кешіктіріліп жүргізіліп жатыр, делінген индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) ақпаратында.

  • 16 Маусым 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, жақында тағайындалған индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев 2011-2012 жылыту маусымына қуат көздерін дайындау мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

ИЖТМ мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбектің хабарлауынша, бүгінгі күні республиканың бірнеше өңірінде энергетика нысандарын дайындау мәселелері шешілмей отыр.

Мысалы, тексерулер мен мониторингтің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысындағы «МАЭК Қазатомпром» ЖШС 1 және 2 ЖЭО-лардың негізгі жабдықтарын күрделі жөндеу кестесінен қалып келеді. Шығыс Қазақстан (Семей), Ақмола (Көкшетау), Қарағанды (Теміртау) облыстарының әкімдіктері қауіптерді төмендету бағдарламаларын тапсырмаған.

Семейдің 1-ЖЭО-сында жөндеу жұмыстары кестеден кешіктіріліп жүргізіліп жатыр. «Теплокоммунэнерго» МКК қарыздары өтелмеген. Өткен жылыту маусымдарында жылу қуаты үшін заңды тұлғалар мен халықтың қарызы әлі де көп.

«КөкшетауЖылу»ЖШС қазандығында отын кеш жиналады, 2011 жылы жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі азайтылды, қауіптерді төмендету бағдарламасы жасалмаған.

Қостанай облысында «Жетіқаракоммунэнерго» кәсіпорнының қазандығы қанағаттанғысыз жағдайда. Күрделі жөндеу жұмыстары соңғы рет 2006-2007 жылдары екі қазандықта ғана жүргізілген.

Қарағанды облысының әкімдігі Теміртауды электр қуатымен сыртқы қамтамасыз етудің схемасын жасамаған, Жезқазған ЖЭО-сында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатыр. Теміртаудағы ГРЭС-1 14 маусымда жүктемені тағы да нольге дейін төмендетті.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда, еліміздің қуат көздерінде отын дайындау нашар жүргізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың маусым айымен салыстырғанда шілде айында отын жеткізуге тапсырыстар 20 %-ға төмендеген, бұл қуат көздеріне отынды уақытында жинауға кері әсер етуі мүмкін. Осының нәтижесінде бұл жылыту маусымы кезінде вагон құрамдарына деген шамадан тыс сұранысқа алып келуі мүмкін.

Осыған байланысты әкімдіктерге жыл бойы жүк жөнелтушілерге көмір түсіруге өтініш беруді жүйелі түрде ұйымдастыру және қуат көздеріндегі көмір қорын жылыту маусымында тұтынылатын көлемнің 50%-на жеткізу тапсырылды.

Сондай-ақ, қуат нысандарында өндірістік жарақат алу оқиғаларының жиілеп кету фактісі бойынша өндірісте қауіпсіздік техникасын сақтауға бақылауды кәсіпорындардың бірінші басшыларының жеке жауап беруіне дейін қатайту шараларын әзірлеу үшін кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.

Кеңестің қорытындысы бойынша индустрия вице-министрі әкімдіктер мен қуат нысандарының басшыларын ҚР премьер-министрінің қауіптерді төмендету бағдарламасын жасау тапсырмасына салғырт қарамауға, халықты және өндіріс нысандарын 2011-2012 жылыту маусымында жылумен және жарықпен қамтамасыз етуде дағдарысты жағдайларға жол бермеу үшін қуат көздеріндегі проблемаларды дер кезінде шешуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар