Жарияланды: 350

Бірқатар республикалық жолдарда дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды

Бірқатар республикалық жолдарда дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды

Еліміздің үш облысының аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, сағат 17.00-дeн бастап Алматы облысы аумағында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы " аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды. Ал Павлодар облысы бойынша сағат 17.00-дeн бері "Омбы-Майкапшағай" жолының 419-587 шақырымындағы "Павлодар қ- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында да қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің жолға шығуына тыйым салынды. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін