Біртанов: Жазда да, күзде де коронавирус індеті жалғасуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біртанов: Жазда да, күзде де коронавирус індеті жалғасуы мүмкін

Біртанов: Жазда да, күзде де коронавирус індеті жалғасуы мүмкін

Қазақстанда күз айларында да қауіпті вирус қайта таралуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

  • 3 Сәуiр 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қазіргі болжам бойынша, жаз айында, мүмкін күзде де коронавирус індеті жалғасуы мүмкін. Біз білеміз, сеземіз. Осыған байланысты қажетті шаралар қолға алынды. Коронавирус күзде қайталанса, біз дайын болуымыз керек", — деді министр онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазір түрлі болжам айтылып жүр. 

"Қазір сарапшылар көбейіп кетті. Бірақ көбі медицина саласының сарапшылары емес. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланыстамыз. Сонымен қатар басқа да мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктерімен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тікелей байланыстамыз. Жалпы айтқанда, түрлі болжам көп. Қазіргі болжам бойынша әрбір мемлекет үш айдың ішінде ауырып шығатын түрі бар", — деді Біртанов. 

"Бастапқы бір, бір жарым айдың ішінде ең жоғары деңгейге келіп, ары қарай әр елде карантиндік шаралар енгізіледі. Сосын инфекцияның таралуын төмендетіп, осы үш айдың аяғында ең төмен деңгейге жетеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір көріп отырғанымыздай, Қытай, Корея эпидемиядан өтсе де, күн сайын жаңа науқастар тіркеліп жатыр", — деді ол.