«Бұл ассамблея Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыру және оның жұмыс істеуіне қажетті заң жобаларын жасар еді»,- деді Н.Әбіқаев. Ол сонымен қатар Украина президентіне «Біртұтас Экономикалық кеңістік аясында парламентаралық ынтымақтастықты жолға қою мүмкін болмаған жағдайдың өзінде екі ел парламенттері арасында ықпалдастық орнатуға мүмкіндік бар» деген пайымын жеткізді.