В.Христенконың айтуынша, Біртұтас экономикалық кеңістіктің тұжырымдамасына сәйкес, тауар қозғалысы үшін ортақ кеңістік қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ, капитал, қызмет және жұмыс күші үшін де біртұтас кеңістік қалыптастыру көзделген.
«Бүгінде бұл кеңістікте сан алуан тосқауылдар саны азаймай отыр, бұл ретте әрбір мемлекет шама-шарқынша әккілік танытып, түрлі тосқауылдарды заңды негізде енгізу арқылы отандық бизнесті қорғап бағуда»,- деді ол.
«Біз әлеуетімізді өзара біріктіріп, тауар, қызмет және инвестициялар саласында экономикалық айналым нормаларын үйлестіруге, нақты экономикалық одақ құруға тиіспіз. Біртұтас экономикалық кеңістік үшінші бір мемлекеттермен сауда-саттықта төрт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, бәсекелестік қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді»,- деді В.Христенко.