Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің саммиті барысында басты экономикалық бағыттар бойынша бірлескен іс-қызметтің жөн-жобасын айқындау қажет - РФ президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің саммиті барысында басты экономикалық бағыттар бойынша бірлескен іс-қызметтің жөн-жобасын айқындау қажет - РФ президенті

Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің саммиті барысында басты экономикалық бағыттар бойынша бірлескен іс-қызметтің жөн-жобасын айқындау қажет - РФ президенті

Бүгін, 24-мамырда Ялта қаласында өтетін Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің саммиті барысында "басты экономикалық бағыттар бойынша бірлескен іс-қызметтің қолданбалы жөн-жобасын айқындау, отыздан астам келісімдер жобасын жасау, осы тұрғыдағы алдағы бағыт-бағдарды айқындау қажет. Жеке келісімдер жобасын жасап қол қою қажет пе, әлде Бірлескен экономикалық Кодекске ұқсас құжат әзірлеу дұрыс па деген тұрғыда шешім шығару керек". Қазақстан және Беларусь президенттерімен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путин осындай пікір білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Мамыр 2004
  • 551
Фото - Caravan.kz

В.Путиннің пікірінше, «бүгін бұған дейінгі жұмыстарды қорыта келіп, жыл соңында барлығымызға қажетті жаңаша келісімдерге ден қою үшін жұмысқа тың серпін беру қажет. Бұл баршамызға тиімді әрі пайдалы дүниелер дегенге ешкім де күмән келтірмейді».

«Республика парламенттері тиісті құжаттарды бекітті. Баршамыздың пайымдауымызша, бұл — Ресей, Беларусь, Украина және Қазақстанның өзара интеграциялану жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ»,- деді РФ президенті.
В.Путиннің айтуынша, «бүгінгі келіссөздер алдын-ала жұмыс қорытындысын шығаруға арналғандықтан, онда нақты қандайбір нәтижеге қол жетпейді. Бірақ дегенмен, бұл — Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру барысындағы айрықша маңызды қорытынды болмақ».